Іс-шаралар, байқаулар » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар, байқаулар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
05
маусым
2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балабақшамызда тәрбиеленушілердің қатысуымен танымдық және патриоттық бағыттағы іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні жөнінде білімдерін толықтырды. Тәрбиеленушілер Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын көрсетті. Мемлекеттік рәміздер –
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
01
маусым
2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшамызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекенің мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бақытты балалық шақтың маңызын насихаттау. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ән айтып, би билеп, қызықты ойындар мен эстафеталарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, құқықтарын қорғау және
"Табиғат қамқоршысы" тақырыбында аудандық семинар
29
мамыр
2026
"Табиғат қамқоршысы" тақырыбында аудандық семинар
Тақырыбы:  «Табиғат қамқоршысы» Жобаның мақсаты:  Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғат арқылы тәрбиелеу және әлеуметтендіру. Жобаның міндеттері: - балаларды табиғаттың тірі және өлі нысандарымен таныстыру; - өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру; - табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін үйрету; - экологиялық сана мен жауапкершілік сезімін дамыту; - балалардың танымдық, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру
«Қош бол, балабақша! Аққу тобы мектепке аттанды»
29
мамыр
2026
«Қош бол, балабақша! Аққу тобы мектепке аттанды»
🎓✨ «Аққу» тобының балабақшамен қоштасу мерекесі «Аққу» тобының тәрбиеленушілері балабақшамен қоштасу мерекесін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Бұл күн бүлдіршіндеріміз үшін қуаныш пен толғанысқа толы есте қаларлық сәттердің бірі болды. Бірнеше жыл бойы тәлім мен тәрбие алып, достарымен бірге қызықты күндерді өткізген балалар сүйікті балабақшаларымен қоштасып, мектеп өміріне қадам басуға дайын екендіктерін көрсетті. Мерекелік шара барысында тәрбиеленушілер ән шырқап, тақпақтар айтып, әсем билерін
«Айгөлек» тобының балабақшамен қоштасу мерекесі
29
мамыр
2026
«Айгөлек» тобының балабақшамен қоштасу мерекесі
🎓✨ «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері балабақшамен қоштасу мерекесін атап өтті. Бұл күн бүлдіршіндеріміз үшін ерекше әрі есте қаларлық мерекеге айналды. Бірнеше жыл бойы тәлім-тәрбие алған алтын ұя балабақшаларымен қоштасқан тәрбиеленушілеріміз өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Мереке барысында балалар әсем әндер шырқап, әсерлі тақпақтар айтып, көңілді билер биледі. Сондай-ақ, қызықты көріністер қойып, балабақшада өткізген бақытты сәттерін еске алды. Әрбір өнер
Мектеп әлеміне саяхат
22
мамыр
2026
Мектеп әлеміне саяхат
Балабақшамыздың мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері №148 мектеп-гимназиясына танымдық экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты – балаларды мектеп өмірімен таныстыру, олардың мектепке деген қызығушылығын арттыру және жаңа білім алу ортасына бейімделуіне ықпал ету. Экскурсия барысында тәрбиеленушілер мектептің оқу кабинеттерін, кітапханасын, спорт залын және басқа да бөлмелерін аралап көрді. Мектеп мұғалімдері балаларды жылы қарсы алып, оқу үдерісі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Болашақ қорғаушылар өсіп келеді!
12
мамыр
2026
Болашақ қорғаушылар өсіп келеді!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай балабақшаның «Еркемай» тобында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел қорғаушыларын құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік шара барысында балалар тақпақтар оқып, ән айтты. Сондай-ақ тәрбиеленушілер Отан қорғаушылардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қызметі туралы мағлұмат алды. Шара барысында балалар батылдық, ерлік,
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
12
мамыр
2026
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
9 мамыр – Жеңіс күніне орай балабақшаның «Аққу» тобында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру. Мерекелік шара барысында балалар тақпақтар оқып, ән орындап, соғыс жылдарындағы батырлар туралы мағлұматтармен танысты. Тәрбиеленушілер аталары мен әжелерінің ерлігіне құрмет білдіріп, бейбіт өмірдің маңыздылығы