12
мамыр
2026
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні
9 мамыр – Жеңіс күніне орай балабақшаның «Аққу» тобында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Мерекелік шара барысында балалар тақпақтар оқып, ән орындап, соғыс жылдарындағы батырлар туралы мағлұматтармен танысты. Тәрбиеленушілер аталары мен әжелерінің ерлігіне құрмет білдіріп, бейбіт өмірдің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Жеңіс күні – халқымыздың батырлығы мен қайсарлығының жарқын көрінісі. Өскелең ұрпаққа ел тарихын танытып, ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу – маңызды тәрбиелік міндеттердің бірі.
Баршаңызды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнап, көк аспанымыз ашық болсын!