Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
05
маусым
2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балабақшамызда тәрбиеленушілердің қатысуымен танымдық және патриоттық бағыттағы іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен мәні жөнінде білімдерін толықтырды. Тәрбиеленушілер Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, халқымыздың бірлігі мен ұлттық құндылықтарының нышаны. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін арттыру – тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!