күз мерекесінің ертеңгілгі » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » күз мерекесінің ертеңгілгі
29
қазан
2019

күз мерекесінің ертеңгілгі

«Алтын күздің сыйы»
Мақсаты: балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу; көңілді кейіпкерлер мен ойындар арқылы қуанышты көңіл-күй сыйлау
Залдың ішкі әсем жапырықтарымен шарлармен безендірілген.Балалар залға Күзгі Вальс әуенімен шеңбер бойымен кіріп,би қимылдарын жасап тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар,бүлдіршін балалар!Бүгінгі  жыл мезгіліндегі ең тамаша мереке-күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Көбейді құт береке,
                      Астық толы қоймамыз.
                      Құтты болсын мереке,
                     Алтын күзді тойлаймыз-дей келе мерекемізді бастаймыз. Мерекемізді өлең жолдарымен жалғастырамыз.
Бала: Жел тынымсыз гүілдеп,
           Болып кетті тым бұзық.
          Шуылдайды тал,терек
         Жапырығын жұлғызып.
Бала:   Жемісі мол теретін 
             Күз дос екен бізбенен
             Бәрін тауып беретін,
              Жомарт екен күз деген.
Бала: Жатыр дала жалтылдап,
          Жаз шуағын мол құйды. 
          Күн астында алтын күн,
          Тербелейді толқиды.
Бала:Сарғайды тоғай,
           Сап-сары маңдай,
           Соңғы әнін айтып
            Құс кетті қайтып. 
Жүргізуші: Сап-сары бояуды қолыңа ап,
                      Бейнеңді салуда оңай-ақ
                      Бірліктің, бақыттың белгісі
                      Алтынмен қапалған атырап -деп, әдемі әнді ұсынамыз
«Күзгі  жапырақтар»  әнін ұсынамыз Балалар отырады)                    Жүргізуші: Келістіріп бар сәнін,
    Берген өзі табиғат,
    Алтын күзді, ал енді 
    Қарсы алайық жамағат!
Әуен ойналып, билеп  Күз аруы (қолында жапырақтар салынған себеті бар)     кіреді
Күз аруы: Сәлем өрен, достарым!
                   Қандай әсем алтын күз.
                   Мереке сіз бен бізге шуақ шашсын,
                   Көңілдің серппіле күйін ашсын.
                   Бақ пенен шаттық бірге қонып,
                   Береке бірлік пенен ортақтассын!
Жүргізуші: Алтын күз, алтын күз,
                      Күтеміз сені біз.
                     Төріміз сіздікі,
                      Келіңіз,келіңіз!
Ал, енді Ару күзге  арнаған тамаша тақпақтарымызды ортаға шығып айтып береміз.
Бала:  Сары-ала,қызыл,көк 
            Алуан, алуан жапырақ
            Күзгі бақта күлімдеп
            Көз тартады атырап.
Бала:  Астық дала сәулеті.
            Астық-Отан дәулетті,
            Біздің дала ,бай дала
            Алтын астық айнала.
Бала:Ой, алақай тамаша,
          Шашу шашты жапырақ.
          Бақтың іші алаша,
          Аунар ма еді жатып ап!
Бала: Қуантып біздерді,
          Мерекелі күз келді.
          Кел жемісті Алтын күз
            Шақырады халқымыз!
Бала: Көбейді құт береке,
            Астық толы қоймамыз.
            Құтты болсын мереке,
             Алтын күзді тойлаймыз.
Бала: Көбейді құт береке,
             Астық толы қоймамыз.
             Құтты болсын мереке,
             Алтын күзді тойлаймыз.
Бала: Қамба толы астыққа,
          Алғыс саған,алтын күз!
          Бір уыз дән шаштықта,
          Қап-қап қауын алдық біз.
Бала:   Көк майсалы көрікті,
             Алқаптағы көп егін.
             Бұл күндері киіпті,
             Сары жібек көйлегін.    
Күз аруы: Балалар өнерлерің өрлесін, жарайсыңдар!Балалар күн күркіреп жаңбыр жауғысы келіп тұрғандай естейсіңдерме? (күркіреген дауыс естіледі)
Жүргізуші: Күз аруы, біздің балалар жаңбырдан қорықпайды. Кәне, балалар, «Күн мен жаңбыр» атты көңілді ойынды күз аруымен бірге ойнайық! 
Барлық балалар: Жанбыр, жанбыр төк-төк,
                                                Болсын егін көп-көп!
Ойын:  «Күн мен жаңбыр»
Күз аруы:     Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Маған да ұнады. Сендер өте епті, шапшаң екенсіңдер. Ал енді сендердің тапқырлықтарыңды көргім келеді. Ол үшін жұмбақ жасырайын. Мұқият тыңдаңдар!
Бұлттар көкте ауады,
                                       Жаңбыр да көп жауады.  
                                       Тамшылар тамса себелеп
                                          Қолға нені алады?        
                   Балалар:Қолшатыр!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Бұл жұмбақтың жауабы-қолшатыр. Олай болса «Көңілді қолшатырлар» биін тамашалайық!
Би «Көңілді қолшатырлар»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Отыра қойыңдар! 
Күз аруы:  Шықса-жасыл,
                      Түссе-сары.Бұл не?
Балалар: Жапырақ!
Күз аруы:    Дұрыс айтасыңдар! Бұл менің әдемі жапырақтарым.
Жүргізуші:  Ару күз, енді сенің әдемі жапырақтарыңмен би билейік.
Би «Күзгі жапырақтар» 
Әуен ойналып, залға Бағбан ата(үлкен себетке муляждар салу)  келеді
Бағбан ата: Амансыңдар ма, балаларым! Бағымдағы жемістерімді жинап, қоймамды толтырып келдім. Ал көңіл көтеруге сендерге келдім.
Жүргізуші: Төрлетіңіз, Бағбан ата! Біздің  мерекемізге қош келдіңіз! Біздің балалардың күз туралы дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз. 
Бала:Алтын дәнді даласы бар,
          Ақ күмістей қаласы бар,
          Неткен сұлу, неткен көркем!
          Осы менің туған өлкем!
Бала: Берекесін сыйлауға,
           Өлкемізге күз келді.
          Жемістерді жинауға,
          Шақырады біздерді.
Бала:  Күздің қазан айында,
            Алма, алмұрт піседі.
            Жапырақтар сарғайып,
           Сыбдыр-сыбдыр түседі
Бағбан айт: Бәрекелді, қарақтарым! 
Жүргізуші: Бағбан ата, сіздің бағыңызда қандай жемістер өседі? 
Бағбан ата: Алма,  алмұрт, шие, алша, өрік өседі. Соның ішінде ең тәттісі, ең кереметі –Алматының апорт алмасы. 
Жүргізуші: Балалар, Бағбан атайға Алатаудың баурайы Отаны болып табылатын Апорт алмасы туралы әнімізді орындап берейік.
Ән: «Апорт деген тәтті алма»
Бағбан: Бәрекелді! Дауыстарың қандай әдемі! Енді мен  сендердің тапқырлықтарың мен ептіліктеріңді білгім келеді. Балалар қараңдаршы, мына себетте жемістер мен көкөністер араласып кетіпті. Осыны маған кім ажыратып берер екен? Ол үшін сендерді көңілді ойынға шақырамын.
Жүргізуші:Кәне, ұлдар, бағбан атайға көмектесіп жіберіңдер.
Ойын: «Көкөніс пен жемісті ажырат»
Ойынның шарты: Жердегі аралысып жатқан көкөнес пен жемісті бірнеше балалар шығып 2 себетке жылдамдықпен, ептілікпен салады. Себетке тез әрі қателеспей толтырса, сол жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар! Біздің балалар сіздің берген тапсырмаңызды шапшаң әрі мұқият орындап шықты деген ойдамыз.
Бағбан ата: Иә балалар, ат салысып берілген тапсырманы орындадыңдар жарайсыңдар!           Ендеше мен көмекші кішкентай бағбаншыларды ортаға шақырамын. Көңілді биімізді ұсынамыз!
Би: «Кішкентай бағбаншылар» 
Күз аруы:    Жарайсыңдар, кішкентай бағбаншылар, рахмет сендерге
Жүргізуші: Ару күз, Бағбан атай! Біздің бишілердің өнерін тамашалаңыз!
Би: «Құлпынай мен Саңырауқұлақ»
Жүргізуші: Тілегім аман болсын ел іргесі,
                        Алтын күз қайта келді берекесі.
                        Молшылықтың жаршысы бола берді,
                        Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді!-дей отырып, Күз аруына  тамаша әнімізді тарту етеміз.
Ән «Күз -жомарт»  
Күз аруы: Балалар әндерің тамаша екен!Маған өте ұнады! Мен сендердің өнерлеріңе ризамын. Сендерге өзімнің байлығым-жемістерімді сыйлаймын!
Жүргізуші: Күздің берген жемісі,
                     Алуан-алуан емеспе?
                     Сол алуан сыйыңды,
                      Күтеміз біз әр күзде!-деп, Күз ару өзіңізге үлкен рахмет айтамыз.
Күз аруы: Балалар келесі жылы кездескенше,қош сау болыңдар!
Барлық балалар: Сау болыңыз, Күз аруы!
Жүргізуші:Осымен құрметті қонақтар «Алтын күздің сыйы»атты ертеңгілігіміз өз мәрісіне жетті.Біз өздеріңізбен қоштаспаймыз,тек сау болыңыздар деп, алдағы мерекелерде өздеріңізді күтетін боламыз!