№176 бөбекжай-балабақшасы жайлы мәлімет » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №176 бөбекжай-балабақшасы жайлы мәлімет
01
сәуір
2016

№176 бөбекжай-балабақшасы жайлы мәлімет

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстан – өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында : «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» ,-деп атап көрсеткен болатын .Сондықтан , білім мен тәрбие саналы да ,сапалы болуы шарт.

Қазақстанның ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Баланың денсаулығын нығайту , кішіпейлдікке парасаттылыққа ,табиғатты аялай білуге үйрету мақсатында 2012 жылдың мамырайының 23-ші жұлдызынан бастап Қулагер ықшам.ауд 52А «КМҚК №176» бөбекжай – балабақшасы ашылып, казіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда.
Жаңа ғимарат кең әрі жарық.Топтар әсем де,эстетикалық талапқа сай безендіріліп , қазіргі заманғы техникалық құрал – жабдықтармен жабдықталған. Балалардың танымдық әрекетін, шығармашылығын дамыту үшін ,барлық құрал- жабдықтар пайдалануға қолайлы жерде орналастырылған. Тәрбиешілер топтарда жайлы жағдай жасауға тырысады.Оқу жылының басында жылдық жоспар құрылады. Онда тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін жоғарлатуға бағытталған мерекелік іс-шаралар,ашық сабақтар,семинарлар , кеңестер , педагогикалық кеңестер жазылған.
Балабақша таңғы сағат 8 00 ден кешкі 18 00-ге дейін алты топ жұмыс істейді.Кәзіргі таңда барлығы 167 тәрбиеленушілер тәрбиеленуде . Балабақшаның басты міндеттері:
1. Балаларды азаматтық пен патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерімен ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеу;
2. Мектепке дейінгі түзету-оқыту және тәрбие берудің негізгі міндеттерін іске асыру, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту;
3. Адамгершілік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
4. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және тәрбиелеу;
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық , психологиялық , педагогикалық , әдістемелік білімді , педагогикалық шеберлікті , баланың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
№176 б/балабақшасының тәрбиешілері мемлекеттік стандартымызды ,ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, педагогикалық технологияның бірнеше түрлерін қолданады:ойын арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,модульдік оқыту технологиясы, дамыта отырып оқыту технологиясы.
Тәрбиешілер жүйелі жұмыс істеулерінің арқасында балдырғандар ұйымшылдыққа үйренуде , оқу қызметінің дағдыларын меңгеруде Балабақшаның тәрбиеленушілеріне топта ғана көңіл көтеріп қоймай, серуендеуді де қызықты өткізеді. Балабақша аумағында қазіргі заманға сай ойын кешендері (әр топқа), балалар ойнайтын құм, көлеңке шатырлары,спорт алаңы орнатылған. Жарық түрлі түске боялған ғимарат көзді рахаттандырып, жақсы, көңіл-күй сыйлайды. Біздің балабақшаның қонақжайлығы мен таңғажайып көркін үлкендер ғана емес, кішкентай балалардың бағалайтынына үміттенеміз, өйткені мектеп орындықтарына дейін балабақша олар үшін екінші үйлері болады.

Похожие публикации:

13 желтоқсан 2016 "Біздің балабақшамыз"