Болашақ қорғаушылар өсіп келеді! » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Болашақ қорғаушылар өсіп келеді!
12
мамыр
2026

Болашақ қорғаушылар өсіп келеді!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай балабақшаның «Еркемай» тобында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел қорғаушыларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында балалар тақпақтар оқып, ән айтты. Сондай-ақ тәрбиеленушілер Отан қорғаушылардың ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қызметі туралы мағлұмат алды.
Шара барысында балалар батылдық, ерлік, жауапкершілік сияқты қасиеттердің маңыздылығын түсініп, өз елінің патриоты болуға ұмтылыс танытты.
Отан қорғаушылар күні – елге қызмет етудің, туған жерді құрметтеудің және бейбіт өмірді бағалаудың жарқын үлгісі. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік құндылықтар қалыптасады.
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!