Мектеп әлеміне саяхат » КГКП "Ясли сад №176"
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№176 бөбекжай-балабақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 239-95-39
Әдіскер телефоны:
+7(727) 239-99-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп әлеміне саяхат
22
мамыр
2026

Мектеп әлеміне саяхат

Балабақшамыздың мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері №148 мектеп-гимназиясына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсияның мақсаты – балаларды мектеп өмірімен таныстыру, олардың мектепке деген қызығушылығын арттыру және жаңа білім алу ортасына бейімделуіне ықпал ету.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілер мектептің оқу кабинеттерін, кітапханасын, спорт залын және басқа да бөлмелерін аралап көрді. Мектеп мұғалімдері балаларды жылы қарсы алып, оқу үдерісі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Болашақ оқушылар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, өздерін мектеп оқушысы ретінде сезінуге мүмкіндік алды.
Осындай танымдық іс-шаралар балалардың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастырып, олардың жаңа ортаға сенімді қадам жасауына көмектеседі.
Экскурсияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен №148 мектеп-гимназиясының ұжымына алғысымызды білдіреміз.