15
наурыз
2019
"Алматы-адалдық алаңы"
Жетісу ауданы КМҚК «№176 бөбекжай-балабақша ұжымында «Алматы-адалдық алаңы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың ролі» атты бірыңғай сағат өткізілді. «Алматы - адалдық алаңы» атты бірлескен жоба күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыру, мемлекеттік қызмет беру, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлуметтік қорғау, сәулет құрылыс және жер қатынастары мәселелері және басқа мәселелерді шешуге бағытталғандығы туралы айтылып, таныстырылды.